Сертификатты ақылы алу
Сертификатты ақылы түрде алу үшін мына шарттар орындалуы тиіс:
Сайт тақырыбына сай бір мақалаңызды жіберіңіз. Мақала интернетте жарияланбаған ауқымды болуы тиіс. Біз мақаланы тексеріп сайтқа жариялауға жарамды болса, электронды почтаңызға хат жазамыз. Сонда көрсетілген төлем жүйесі арқылы 10 000 тг аударасыз, біз өз тарапымыздан сіздің мақалаңызды сайтқа сіздің атыңыздан жариялаймыз.
Сертификат төлем жасағандығыңыз расталған соң 24 сағат ішінде электронды почтаңызға жіберіледі. Сертификат тек электронды түрде беріледі.
Сайт администрациясы жоғарыда көрсетілген ереже талаптарды ешқандай ескертусіз, кез-келген уақытта өзгертуіне құқылы.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады? – cұрақ-жауап
Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге жаңа серпін әкелуде. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады, бірақ ол үшін Сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болуы қажет (ЭЦҚ).
ЭЦҚ деген не? ЭЦҚ – электрондық құжаттың заңды күші болу үшін қағаз түріндегідей қойылатын жеке адамның қолы. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады.
Қазір үкімет өз қызметтерін ұсынып отыр, оны біз ЭЦҚ арқасында ала аламыз. Бізде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Ол арқылы барлық мемлекеттік органдарының ақпараты қолжетімді. Ал интерактивті қызметті жүзеге асыратын ЭЦҚ. Мысалы, мемлекеттік органдардан анықтамалар алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу (егер сіз заңды тұлға болсаңыз), енді (заң бойынша) олар тек электронды түрде жүргізілетін болды, немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдану («Виртуалды қабылдау»).
ЭЦҚ алу үшін Сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына кіру керек. Аталған орталық Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына ЭЦҚ берумен айналысады. ЭЦҚ алу үшін мынадай қадамдар жасау керек:
1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.
2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-коды астындағы нөмір) және т.б. Барлығын толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жіберетін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны ХҚО-да тіркету керек. Немесе сол сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөміріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алсаңыз да болады.
3 қадам. Сіз қарайтын ХҚО-ға қажетті құжаттарыңызбен бару. Жеке тұлға құжаттарының тізімі:
1) тапсырыс нөмірі мен тапсырыс берушінің қолы бар өтініш (үлгі бойынша);
2) тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат – тіркеу куәлігінің иесі (жеке басын куәландыратын құжат, паспорт, мекен-жайы, уақытша куәлік) жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көшірмесі;
3) жеке тұлға өкілі тапсырыс беруші атына сертификат алса, алайда Тіркеу орталығына келмесе, нотариуспен куәландырылған сенімхат (үлгі бойынша) немесе негізгі сенімхаттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
4 қадам. Сайттағы деректер өңделгеннен кейін, екі күн ішінде on-line тапсырыста жазылған электронды поштаға сертификаттар келеді.
ЭЦҚ пайдаланушының электронды поштасына екі сертификат пен ашық және құпия екі кілт келеді. Жабық немесе құпия кілт – электронды сандық символдар жүйесі. Ол ЭЦҚ иесіне ғана белгілі, сонымен қатар, электрондық қолтаңба алудың негізгі элементі болып табылады. Ашық кілтті сандар жүйесін сізбен құжат айналымы бар орган да біледі. Ол қолтаңбаны тексеру үшін қолданылады. Куәландыратын орталықта сіздің ашық кілтіңіздің көшірмесі бар.
ЭЦҚ-ны қалай орнатуға болады? Кілттерге байланысты сертификаттарды орналастыру туралы ақпарат алдында көшіріп алынған бағдарлама бумасында бар. Шатасып қалмас үшін, программалық қамсыздандыру мұрағатында кілт орналастырудың қадамдық нұсқаулығы түрінде жазбалар бар. «Форум» бөлімінен көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз. ЭЦҚ орналастырудың бейненұсқаулығы да бар. Оны жасаушылар www.kaztube.kz. бейнепорталына орналастырды.
Ол қалай жұмыс істейді? Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Мысалға, сіз жылжымайтын мүлікті иелену анықтамасын аламын дедіңіз. Электронды үкімет порталы – www.e.gov.kz кіріп, тіркеліңіз (сайтта сіздің «Жеке кабинетіңіз» пайда болады), «Азаматтарға қызмет» бөлімін таңдаңыз, тізімде керекті анықтаманы іздеңіз, тапсырысты толтырып, өзіңіздің электрондық қолтаңбаңызбен қол қойып жіберіп, Әділет министрлігінен жауап күтесіз. Ең көбі 5 күннен кейін сізге заңды анықтама келеді, оны сіз принтерден басып шығарып алып, тиісті мекемелерге ұсына аласыз.
Осылай адам мен мемлекет арасында интерактивті байланыс орнайды. ЭЦҚ-ның артықшылығы сол – электрондық қолтаңбасы бар құжаттар керекті жерге жылдам жіберіледі.
Тіркеу куәліктерін пайдалану салалары:
1) «Мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі;
2) «Электронды статистикалық есептілік» ақпараттық жүйесі;
3) «Қаржы есептілігі депозитариі» ақпараттық жүйесі;
4) «Е-лицензиялау» жүйесі;
5) «Қазына-клиент» ақпараттық жүйесі;
6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына азаматтардың үндеуі;
7) жеке электронды поштаға қол қою;
8) үкімет порталындағы сервистер мен қызметтер.
Әрине, тізім осымен аяқталмайды, уақыт өте келе ЭЦҚ қолдану аясы кеңейе түседі.
Назар аударыңыз! Сілтеме бойынша сертификаттарды орналастыру тапсырыс жіберілген компьютерде жасалуы керек.
Ескертпе. ЭЦҚ алу үшін www.pki.gov.kz сайтындағы нұсқаулық көмегіне жүгіну керек.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының қолданушыларды техникалық қолдау қызметіне 8-800-080-7777 телефоны арқылы (ҚР аумағындағы тегін телефон жүйесі), сонымен қатар, электронды мекен-жайға: support@pki.gov.kz немесе info@pki.gov.kz ала аласыз.
Электронды-цифрлық қолтаңбаны (эцқ) үйден шықпай-ақ қалай алуға болады – my-sertif.ru || оқу
Әзірше мұны тек сайт арқылы іске асыруға мүмкіндік бар, бірақ жуық арада қызметті мобильді қосымша арқылы алуға болады.
Ол үшін:
- ҚР азаматы болу;
- Қазақстан азаматтарының мобильді базасында (ҚАМБ) тіркеуде тұру (Егер сіз аталған базаға тіркелмеген болсаңыз, «Kenes виртуалды көмекшісінің» парақшасына өтіп, тілді таңдаңыз. Әрі қарай — видеоқоңырау шалып, операторға жеке куәлігіңізді көрсетіп, ЖСН мен телефоныңыздың нөмірін және SMS-кодты айтасыз);
- компьютер немесе мобильді телефон (веб-камера міндетті түрде болуы тиіс);
- компьютерге NCALayer бағдарламасын орнату (NCALayer-ді орнату бойынша нұсқаулық Ұлттық куәландырушы орталық сайтында қолжетімді);
- Жеке куәліктің түпнұсқасы немесе екі жағынан түсірілген сапалы фотокөшірмесі қажет.
ЭЦҚ-ны ықтиярхат арқылы Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) онлайн режимде ала алмайды.
ЭЦҚ-ны қалай алады:
- Электронды үкімет сайтына кіріп, «ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу» дегенді таңдайсыз.
- «Онлайн сұрау» батырмасын басасыз.
- Жаңа жолға ЖСН енгізіп, «Сұраныс жіберуді» басу керек.
- ҚАМБ-на тіркелген болсаңыз, тексеру SMS-коды келеді, оны тиісті жолға енгізесіз.
- Тұлғаны растау (Digital ID құру) керек. «Бастау» батырмасын басып, веб-камера арқылы суретке түсесіз.
- Видеосәйкестендіруден өтесіз.
- PIN-код орнату қажет.
- Жеке куәліктің фотосуретін қосасыз.
- Жүйе тарапынан құжаттар тексеріліп, SMS-растау келген соң «Құжаттар» бөлімінен ескертуді тауып алу керек.
- Жеке басты куәландыру және ЭЦҚ алуға сұраныс жасау үшін «Жалғастыру» батырмасын басасыз.
- Бұрын орнатылған PIN-кодты қайта енгізіп, «Растауды» басу керек.
- Өтініш формасына электронды поштаны енгізесіз. «Кілттер сақталатын орын типін «Дербес компьютер» деп көрсету қажет.
- ЭЦҚ-ны сақтауға арналған орынды көрсетіп, «Ашу» батырмасын басып, артынша «Сұраныс беру» және «Жаңарту» дегенді басасыз.
- ЭЦҚ құпиясөзін орнатып, «Сертификаттарды жүктеу» дегенді басасыз.
- Сәтті орнатылған соң ЭЦҚ-ны eGov mobile қосымшасына жүктейсіз.
Ескерту. Қазақстан азаматтарының мобильді базасына тіркелу кезеңінде операторға видеоқоңырау шалуда қиындық туындауы мүмкін. Бұл операторларға хабарласушылардың тым көп болуына не желінің шектен тыс жүктелуіне байланысты болуы мүмкін.
